Республика күні қарсаңында өңірдегі кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында «ORAL JASTARY CUP» турнирі өтті. Аяқдоп бәсекесіне барлығы 19 команда қатысты. Басты мақсат – студенттердің бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.