24 қазан – кітапханашылардың кәсіби мерекесі. Атаулы датаның өңірімізде алар орны ерекше. Себебі еліміздегі алғашқы кітапхана 154 жыл бұрын Оралда бой көтерген болатын. Аталмыш мерекеге орай Жастар мәдениет сарайында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Кеш барысында «Өмірдегі үшінші орынның күші» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтіп, үздік кітапханашылар марапатталды.