Қаратөбе ауданында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл және Құтқарушы күніне орай салтанатты шара өтті. Жиында қауіпті мамандықты игеріп, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүрген сала қызметкерлеріне сый-құрмет көрсетілді. Ал Шыңғырлау ауданында орманшылардың кәсіби мерекесіне арналған облыстық ашық спартакиада ұйымдастырылды.