Оралдағы «Жайық арена» спорт кешенінде Республика күніне және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай волейболдан облыстық турнир өтті. Оған Орал қаласынан және аудандардан барлығы 24 команда қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін аталмыш шара биыл 8-інші мәрте ұйымдастырылды.