М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өңірдің кадр қажеттілігінің картасын әзірлеуге арналған форсайт-сессия басталды. Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды. Жобаның жүзеге асуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты ұлттық орталық пен облыс әкімдігі қолдау білдіріп отыр.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо