«Атамекен» өнер ордасында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның Шамғон Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрінің концерті өтті. Онда Қазақстанның халық әртісі, белгілі пианист Жәния Әубәкірова өнер көрсетіп, қалың көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.