Автокөлік иелері үшін жағымды жаңалық! Батыс Қазақстан облысында әлем бойынша мұнай-газ саласындағы алпауыт – «Лукойл» компаниясының 3 бірдей жаңа жанармай бекеті ашылды. Олардың екеуі – Орал қаласында, біреуі – Подстепное ауылында орналасқан. Енді өңір тұрғындары үшін сапалы жанармай қолжетімді бола түспек.