Ұлық ұлыстан – Жаңа Қазақстанға. Орал қаласында көне карталар галереясы ашылды. XV-XIX ғасырлар аралығында кескінделген бұл карталар Қазақстанның әлемдік өркениеттің бір бөлшегі екенін дәлелдейді. Құнды жәдігерлерде Бөкей Ордасының тарихына қатысты тың мәліметтер бар. Ақжайық төріндегі рухани мәні зор шараға көне карталарды қазақ қоғамына таныстырған танымал картограф-ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаров қатысты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв#бқо