Негізгі Жаңалықтар ЖАСТАР СТАДИОНЫ ЖАҢАРДЫ

ЖАСТАР СТАДИОНЫ ЖАҢАРДЫ

Қарашығанақты кеңейту жобасы сәтті аяқталды. Атап айтқанда, кен орнында газды кері айдауға арналған 6-шы компрессор іске қосылды. Бұл – газ факторын төмендету және кен орнындағы сұйық көмірсутектер өндіру деңгейін тұрақты сақтауға бағытталған маңызы зор қадам. Айтулы оқиғаға орай салтанатты жиын өтті. Сонымен қатар, «КПО б.в.» компаниясының қаржылық қолдауымен Ақсай қаласындағы Жастар стадионы қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Бұл – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық спортты өркендетуге жасалған маңызды үлес.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу