АДАМ САУДАСЫНА ҚАТЫСТЫ 3 ДЕРЕК ТІРКЕЛГЕН
Жыл басынан бері облыста адам саудасына қатысты үш дерек тіркелген. Қазір осы істер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, адам саудасы бүгінде күш қолдану немесе адамды еркінен тыс алып кетумен ғана шектелмейді. Қылмыскерлердің көбі алдау-арбау тәсіліне көшкен. Жоғары жалақы, жайлы жұмыс орны мен баспана уәде етеді. Алайда діттеген жеріне жеткен соң адамның құжатын тартып алып, жүріп-тұруына шектеу қойып, бастапқы келісімге мүлде қатысы жоқ жұмысқа мәжбүрлеуі мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмас үшін нені ескеру керек?
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо