БІЛІМ МЕН ЖЕТІСТІК ОРДАСЫ
Бөкей ордасы ауданындағы Мәншүк Мәметова атындағы мектеп-лицей – өңірдің білім беру саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білім ордаларының бірі. Білім мен тәрбиені қатар ұштастырған шәкірттер облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларда биік белестерді бағындырып жүр. Бұл – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісінің жемісі. Білім ордасының тыныс-тіршілігімен тілшіміз танысып қайтты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо