Негізгі Жаңалықтар ТАРИХИ ЖЕҢІСПЕН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ТАРИХИ ЖЕҢІСПЕН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Қазақ дзюдосы тағы бір жаңа белесті бағындырды. Сенегалдың Дакар қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында алтыннан алқа таққан батысқазақстандық Фатима Сұпығалиева туған жеріне оралды. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз, ел спортының мерейін үстем етті. Жаһандық жарыстың жеңімпазын Орал әуежайында жанкүйерлер зор қошеметпен күтіп алды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу