Негізгі Жаңалықтар ДҮКЕН СӨРЕЛЕРІНДЕ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

ДҮКЕН СӨРЕЛЕРІНДЕ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

Қазақстанда 20 қазаннан бастап ішкі сауда қағидаларына енгізілген жаңа талаптар күшіне енді. Енді дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесі кемінде 30 пайыз болуы тиіс. Бұл талап тек сауда орны бойынша жалпы көлемге ғана емес, әрбір тауар санатына қатысты. Яғни, азық-түліктен бастап киім-кешек пен тұрмыстық тауарларға дейін міндетті түрде өзгеріске сай орналастырылуы тиіс. Жаңашылдықтың басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау, қазақстандық тауарлардың ішкі нарықтағы үлесін арттыру. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу