БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІ СОТҚА ЖОЛДАНДЫ
Оралда білім беру саласына қатысты түрлі мәселелерді шешіп беремін деп тұрғындарды алдаған 35 жастағы әйелдің қылмыстық ісі сотқа жолданды. Күдікті жоғары оқу орнының дипломын алып беруге, грантқа түсіруге және педагогтердің санаттық тестілеуден өтуіне көмектесуге уәде еткен. Осылайша азаматтардың сеніміне кіріп, қомақты қаржы иемденген. Қазіргі уақытта алаяқтықтың тоғыз дерегі анықталып отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо