М.ОРАШЕВА ТУҒАН ЖЕРІНДЕ КОНЦЕРТ БЕРДІ
Тамыры терең дәстүрлі ән өнері – ұлттың рухани қазынасы, ұрпаққа аманат болған асыл мұра. Осы аманатты арқалап, қазақтың қара домбырасымен халық әндерін насихаттап жүрген өнер иесі Мейрамгүл Орашева туған жерінде шығармашылық кешін өткізді. Орал қаласында өткен «Аманатым арқалаған...» атты диалог-концертте ән мен жыр, өнеге мен өнер тоғысты. Мәдени кешке жиналған жұртшылық өнерпаздың шығармашылық жолына куә болып, ұлттық өнердің қадір-қасиетін тағы бір сезінді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо