Негізгі Жаңалықтар ӘСКЕРИ БӨЛІМ ҒИМАРАТЫ САЛЫНУДА

ӘСКЕРИ БӨЛІМ ҒИМАРАТЫ САЛЫНУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасын бастауды ұсынып, 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялады. Бұл бастама елдегі инфрақұрылымды жаңғыртып, халыққа қажетті нысандардың құрылысын жандандыруды көздейді. Осы бағыттағы жұмыстар Орал қаласында да жалғасуда. Облыс орталығында 5517 әскери бөлімінің сарбаздарына арналған жаңа казарманың құрылысы жүріп жатыр. 300 орынға шақталған нысанның іргетасы былтыр қыркүйек айында қаланған болатын. Содан бері құрылыс алаңында бірқатар жұмыс атқарылды. Қазір мердігерлер терезелерді орнатып, шатырын жабуға кіріскен. Алдағы уақытта ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, айналасы абаттандырылады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу