Негізгі Жаңалықтар ӨМІРІ – ӨНЕГЕ, ЖОЛЫ – ТАҒЫЛЫМ

ӨМІРІ – ӨНЕГЕ, ЖОЛЫ – ТАҒЫЛЫМ

Орал қаласында ұстаздықты ұлтқа қызмет етудің биік жолы деп таныған ғалым-педагог Шалқыма Құрманалинаның 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнаған ұлағатты ұстаздың құрметіне «Өмірі – өнеге, жолы – тағылым» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Шалқыма Құрманалинаның шәкірт тәрбиелеумен қатар, қазақ тіліндегі білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі зор. Мерейтойлық іс-шараға ғалымның әріптестері, шәкірттері және зиялы қауым өкілдері қатысып, ұстаздың өнегелі өмірі мен ғылым мен педагогика саласындағы еңбегін атап өтті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо



Бөлісу