ЖІГЕРЛІ ЖАНДАР ЖҮЗДЕСУІ
Әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда жыл сайын қазан айында «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы ұйымдастырылады. Игі бастама аясында Бәйтерек ауданының Жайық ауылында жігерлі жандар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан серіктестердің кездесуі өтті. Жылы жүздесуге өңірдің әр ауданынан белсенді азаматтар жиналып, қоғам өміріне араласудың маңызын сөз етті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо