АЛҒАШҚЫ ТОСАП ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Ақжайықта жаздың дәмі мен күздің берекесін тоғыстырған ерекше фестиваль өтті. Ауданда алғаш рет ұйымдастырылған «Тосап FEST» алаңында тосаптың дәстүрлі түрлерімен қатар, тосын өнімдерден әзірленген тәттілер де ұсынылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, үй жағдайында дайындаған өнімдерін көпшілік назарына шығарды. Шараның басты мақсаты – бау-бақша өнімдерін тиімді кәдеге жарату мен отандық өнімді дәріптеу.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо