ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Қазталов ауданында салынып жатқан ауданаралық көпбейінді аурухананың құрылысы 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Нысанда болған өңір басшысының орынбасары Мирас Мүлкәй мердігер компанияға жұмысты жеделдетіп, адам күші мен техника санын арттыруды тапсырды. Алдағы аптадан бастап құрылыс алаңында 3 ауысымдық жұмыс тәртібіне көшу жоспарланып отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо