АУЫЛ КӨРКЕЙСЕ – ЕЛ КӨРКЕЙЕДІ
Қазталов ауданының Қарасу және Көктерек ауылдық округтерінде халықтың тұрмысын жақсартуға, ауыл шаруашылығын дамытуға және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған жұмыстар қарқынды жүзеге асуда. Мал азығын қамдау, техникалық су желілерін тарту, ветеринариялық нысандар салу ісі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Ауыл ажарына көрік қосқан қоғамдық орындарды жаңғыртуға айрықша көңіл бөлінуде. Игі іске жанашыр ел азаматтарының белсенді араласуы көп мәселенің оңтайлы шешілуіне серпін беріп отыр. Соның бір айқын көрінісі – туған жерін түлетуге үлес қосып жүрген мектеп түлектерінің дәстүрлі тартулары.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо