ЖАС БУЫНҒА АРНАЛҒАН ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ
Орал қаласындағы Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты. Ақпараттық-түсіндіру тобы жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметке деген құрметті арттыру және еліміздің тарихи мұрасын дәріптеуге бағытталған тақырыптық кездесулер өткізді. Ал «Біртұтас ел – біртұтас жер» атты негізгі шара «Атамекен» өнер ордасында өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, әскери қызметшілер, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо