РЕВМАТОЛОГТАР ЖАҢА ЕМ ӘДІСТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Ревматологияның жеке медициналық бағыт ретінде қалыптасқанына ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері бұл сала қарқынды дамып, ауруды бақылауда ұстауға, науқастың өмір сапасын сақтауға мүмкіндік беретін жаңа емдеу тәсілдері енгізілді. Бүгінде дәрігерлердің қолында ауруды асқындырмауға жол ашатын тиімді хаттамалар бар. Ревматологиядағы соңғы жаңалықтар мен емдеу тәсілдері Оралда өткен медициналық конференцияда кеңінен талқыланды. Жиынға өңір дәрігерлері, еліміздің жетекші медициналық орталықтары мен жоғары оқу орындарының мамандары қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо