ЖАЙЫҚ ЖАҒАСЫН БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Оралда Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары мәресіне жетті. Су тасқыны қаупін сейілтіп, өзен арнасының шайылуына жол бермеуді көздеген жобаның жалпы құны 1,7 миллиард теңгеге жуық. Қазір шаһардың өзен бойындағы келбеті жаңарып, тұрғындар жайлы тынығатын орындар қатарын толықтырып отыр. Нысанның жай-күйін облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы барып көрді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо