ОРАЛДА МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
Оралда жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатыр. Қалада дәстүрлі «Мектепке жол» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ата-аналарға қажетті тауарларды бір жерден, қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалды. Мектеп киімі, сөмке мен оқу құралдары жеңілдікпен ұсынылуда. Жәрмеңкеге қала тұрғындарымен қатар, аудандардан арнайы келгендер де бар.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо