БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Облыстық прокуратурада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті. Оның барысында білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру және тәуекелдерді уақытылы анықтау шараларын талқылады. Бұған қоса полиция және білім беру органдарына алдын алу бағытындағы жұмысты ширатуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо