ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР БАС ҚОСТЫ
Сырым ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған тағылымды кездесу өтті. «Үлгілі отбасы – ұлттың тірегі» шарасына ауданның 12 ауылдық округінен өнегелі отбасылар шақырылды. Жаңақалада өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласының мамандары бас қосты. Секциялық отырыста жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу, құқықтық мәдениет пен заманауи дағдыларды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Жәнібек ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығына арналған облыстық поэтикалық дуэль өтті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо