ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МАРАФОНЫ ОРАЛДА
Қаржыны дұрыс басқару – табысты көбейтудің ғана емес, күтпеген шығын мен қарыздың алдын алудың да маңызды тетігі. Оралда кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған марафон өтті. Жиында жеке бюджетті жоспарлау, инвестициялау және қаржы алаяқтығынан сақтану жолдары талқыланды. Басқосуға 200-ден астам адам қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо