ОРАЛДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
Орал қаласындағы көпқабатты үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары биыл да жалғасып жатыр. Жалпы облыста 2 мың 533 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 1 мың 540-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұдан бөлек, облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің қасбеттерін жарықтандыру жұмыстары да қарқын алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында сала мамандары мәлімдеді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо