Негізгі Жаңалықтар ЖАҢА КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ЖАҢА КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев «Ақжайық» шағынауданында жаңадан бой көтеріп жатқан нысандармен танысты. Бұл – облыс орталығы үшін стратегиялық маңызы бар ұзақ мерзімді жобалар. Бүгінде мұнда жоспарланған жұмыстың 20 пайыздан астамы орындалған. Аумақтың инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әкім жаңа шағынауданды қаланың ескі бөлігімен жалғайтын көпір құрылысын арнайы барып көрді. Қазір мұнда жер қазу, топырақ төсеу және негізгі құрылымның іргетасын дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу

Аймақтық телеарналар