Негізгі Жаңалықтар МҰҚАЛМАҒАН ЖІГЕР, ЖАРҚЫН ЖЕҢІС

МҰҚАЛМАҒАН ЖІГЕР, ЖАРҚЫН ЖЕҢІС

Спортқа ден қою, белсенді өмір салтын ұстану – адамның рухын шыңдайтын үлкен күш. Осы қағиданы өз тағдырымен дәлелдеп келе жатқан жанның бірі – Жәнібек ауданы, Ақоба ауылының тұрғыны Ринат Қалмияров. Жастайынан қазақ күресінің бел ортасында жүріп, «Түйе палуан» атанған спортшы ауыр жарақаттан кейін арбаға таңылса да, жігері жасыған жоқ. Бүгінде ол бочча спортынан Қазақстан чемпионы атанып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға дайындалып жүр. Ринат тек спорттағы жетістігімен шектелмей, туған ауылындағы жастарға қолдау көрсетіп, ұлттық спорттың дамуына өз үлесін қосып келеді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу