ҒАСЫРДЫ АРТҚА ТАСТАҒАН ҒҰМЫР
Бүгін Жайық жұртшылығы соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы, прокуратура органдарының еңбек сіңірген қызметкері Иван Гапичпен қоштасты. Ол 104 жасқа қараған шағында өмірден озды. «Иван Гапичтің жарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгі сақталады», – деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның туған-туыстары мен жақындарына жолдаған көңіл айту жеделхатында. Майдангердің отбасына Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов та көңіл айтты. Ардагерді соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне туған-туыстары, әріптестері, облыс әкімдігінің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо