12,8 МЫҢ ГА АЛҚАПТА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНГІЗІЛДІ
2030 жылға дейін өңірдегі суармалы жер көлемін 36,2 мың гектарға жеткізу жоспарланды. Қазіргі көрсеткіш 13,2 мың га болса, оның 94%-ында су үнемдеу технологиялары қолданылады. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен шаруаларды тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесіне көшуге ынталандыру тетіктері кеңейтілді. Батысқазақстандық фермерлер мүмкіндікті тиімді пайдаланып отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо