Негізгі Жаңалықтар ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ – ҚАУІПТІ АЙМАҚ

ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ – ҚАУІПТІ АЙМАҚ

Теміржол өткеліндегі апат азаймай отыр. Сондықтан Орал қаласында полиция қызметкерлері, көлік прокуратурасының өкілдері мен теміржолшылар бірлесіп, қауіпсіздік талаптарын жүргізушілердің есіне салды. «Қауіпсіз өткел» деп аталған бұл республикалық акция қыркүйек айының ортасына дейін жалғасып, еліміздің барлық өңірін қамтымақ. Осы кезеңде теміржол өткелдерінде бақылау күшейтіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұған себеп те жоқ емес. Биыл өңірде пойыздарды 28 рет шұғыл тежеуге тура келген. Оның ішінде автокөлікпен соқтығысу оқиғасы да бар.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу