СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ
Биыл облыс аумағында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 232 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы табиғат қорғау прокуратурасының мамандары кезекті рейд барысында мәлімдеді. Тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бақылау күшейтілгеніне қарамастан, кейбір тұрғындар қауіпсіздік ережелерін елемей, шомылуға тыйым салынған орындарға баруды жалғастырып отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо