ҚЫРЫҚ ЖЫЛДЫҚ ҚОЛТАҢБА
Телеарна экранындағы әрбір жаңалықтың артында тынымсыз ізденіс пен үлкен жауапкершілік жатыр. Көрермен назарында елеулі оқиға мен кейіпкерлер ілінсе, сол сәтті таспаға түсіріп, тарихқа айналдыратын жандар көбіне кадр сыртында қалады. Бүгін біз осындай үлкен еңбек адамдарының бірін әңгімеге арқау етпекпіз. Қырық жылдай уақыт бойы Ақжайықтың тынысын бейнежазба арқылы бедерлеп келе жатқан бейнеоператор – Рүстем Ищанов туралы «Жұманың жарқын сюжеті» айдарында баяндаймыз.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо