ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІДЕН ПАРА АЛҒАН МАЙОР СОТТАЛДЫ
Пара алу дерегімен сотталған түрме бастығының орынбасары өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Оралда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамының қатысуымен осы іске қатысты ашық сот отырысы өтті. Прокуратура мұндай процестің мақсаты – сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаның қатаң екенін қызметкерлерге ұқтырып, сабақ қылу, заң бұзушылықтардың алдын алу, – дейді. Сотқа сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары лауазымдарда қызмет атқаратын мамандар да арнайы қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо