Бүгін «Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған партия активінің кездесуі өтті. Оған партияның Саяси бюросы мен Саяси кеңесінің мүшелері, сондай-ақ еліміздің барлық 20 өңірінің өкілдері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты. Бұл формат партияның ұйымдастырушылық қызметіне цифрлық құралдарды енгізу бағытының бір бөлігі.
Кездесуді ашқан Партия Төрағасы жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет дамуының маңызды кезеңі екенін және елдің қоғамдық-саяси дамуының жаңа бағдарларын айқындайтынын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік басқаруда конституциялық қағидаттарды іске асыру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, адами капиталды дамыту, цифрландыру және қоғамның қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша партияның Саяси кеңесі Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдеме қабылдап, әділдік, заң үстемдігі, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, қоғамдық келісім және ел болашағы алдындағы жауапкершілік қағидаттарына адалдығын растады.
Осы жұмыстың практикалық жалғасы ретінде «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты қоғамдық-саяси іс-шаралар циклі басталды. Алдағы уақытта партия өкілдері еліміздің барлық өңірінде азаматтармен және сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен олардың практикалық маңызын түсіндіреді.
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет