Орал қаласының прокуратурасы бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген тұрғын үй мәселесі бойынша азаматтардың құқығын қорғады. “Реновация” бағдарламасы аясында үйлері сүрілген тұрғындар жаңа баспананы күтіп, біраз уақыт жалдамалы пәтерлерді жағалап келген. Құзырлы органның араласуының нәтижесінде 25 азамат уақытша тұрғын үймен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо