Оралдағы Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі – тарихы терең өнер ордасы. Жас ұрпақты шығармашылыққа баулитын киелі шаңырақ 1934 жылы құрылып, 1955 жылы оған күй анасы Дина Нұрпейісованың есімі берілген. Биыл қазақ күй өнерінің шамшырағына – 165 жыл. Осы атаулы датаға орай мектеп ұжымы мен шәкірттері көрерменге концерттік бағдарлама ұсынды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо