Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Суды үнемде, болашақты сақта!» атты республикалық экосағат өтті. Іс-шараға ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Ердәулет Жұмат арнайы қатысты. Жиында суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру тақырыбындағы жаңа жобалар таныстырылып, өңірдегі бірнеше жоғары оқу орны мен колледждердің студенттері жаңа ақпаратқа қанықты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо