Тарихтағы ең үлкен жеке кітапхананың иесі ретінде Томас Филлипстің есімі жиі аталады. Оның коллекциясында 100 000-нан астам қолжазба және шамамен 50 000 баспа кітап болған. Әлемде кітап жинауды сүйікті ісіне айналдырған тұлғалар көп. Олардың қатарында ғұмырын мемлекеттік қызметке, кәсіпкерлікке арнаған оралдық Нұрлыбек Бірманов та бар. Оның жеке қорында 5000-ға жуық кітап жинақталған. Ал оралдық 3 жасар бүлдіршін Арна Жігер болса, алаш арыстарын суретіне қарап танып, Абайдың өлеңдерін жатқа айтады. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо