«Өмір есігін кітаппен аш!» Оралдағы көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында осындай атаумен ерекше акция өтті. 23 сәуір – «Ұлттық кітап күніне» орайластырылған шарада жаңа туған нәрестелерге алғашқы сыйлық ретінде ертегілер мен дамытушы кітаптар тарту етілді. Мемлекет басшысының «Оқитын ұлт» бастамасы аясындағы бұл іс-шара отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруды көздейді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо