«Ұлттық кітап күні – руханият мерекесі». Орал қаласында осындай атаумен бастау алған кітап фестивалі аясында оқырмандар қалашығы ашылып, көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Салтанатты жиында ақын Жұбан Молдағалиевтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Мереке Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармония залында жалғасып, үздік кітапханашыларға алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо