Орал қаласында республикалық және өңірлік деңгейдегі мамандардың қатысуымен гастроэнтеролог дәрігерлердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиында науқастарға күрделі аутоиммунды ауруларды еңсеруге көмектесу жайы айтылып, заманауи ем көрсету жолдары талданды. «Қазіргі таңда асқазан-ішек жолының ойық жарасы мен қабынуына шалдыққан науқастар мемлекет тарапынан дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Ал әр ем-шара шипалы болуы үшін аурудың түрлі кезеңіндегі емдеу стратегиясын құрып, өзара тәжірибе алмасудың маңызы зор» - дейді дәрігерлер.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо