Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай өңір жастарымен жүздесті. Басқосуда жастарды мемлекеттік қызметке тарту, жұмысқа орналастырудағы жеңілдіктер, кәсіби тұрғыда өсуді қамтамасыз ету турасында әңгіме өрбіді. Айта кеткен жөн, облыста мемлекеттік қызметтегі жастардың үлес салмағы 31,7 пайызды құрайды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо