Орал қаласында «Ауыл тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық ауыл әкімдерінің І форумы өтті. Оның барысында жиналғандар елді мекендерді дамытуға қатысты пікір алмасты. Атап айтқанда, ауылда агроөнеркәсіп пен кәсіпкерлікті өркендетуге, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысының қарқынын арттыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Форумға өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев және ауыл әкімдері, ауылнайлар, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.  

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо