Орал қаласында биыл бірнеше мектеп күрделі жөндеуге жабылады. Атап айтқанда, №3, №6, №7, №13, №22, №23, №32 және №35 мектептерде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 6 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінген. Білім беру нысандарын күрделі жөндеу бүгінде кезек күттірмейтін мәселеге айналып отырғаны аян.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо