Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті. Онда әдебиет майталмандары марапатталып, ел руханиятына үлес қосқан қаламгерлерге жоғары құрмет көрсетілді. Салтанатты шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Бауыржан Халиолла Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығымен марапатталды. Ал жазушы-журналист, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин балалар әдебиетін дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық «Ертөстік» әдеби сыйлығына ие болды. Айта кетейік, қос қаламгер де өңір мәдениеті мен руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Бұл марапаттар – ұлттық әдебиеттің өркендеуіне қосылған елеулі үлестің айқын көрінісі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо