Орал қаласында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері халықаралық деңгейде талқылануда. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Етті мал шаруашылығы: ғылым, технологиялар, тұрақты даму» тақырыбында XXVI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алыс-жақын шетелден келген және өңірде сүбелі зерттеу жүргізген ғалымдар жиында өз тәжірибелерімен бөлісті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо